Восточно-Казахстанский областной драматический театр (г. Усть-Каменогорск)
просмотреть на
интерактивной карте
М. Байжиев «Нәзи»
Мелодрама
08 апреля 2017 17:00
21 апреля 2017 19:00
17 ноября 2017 17:00
25 января 2019 18:00
Описание

Мар Байжиев

Аударған: Сайлау Камиев

Өмірге келу. Кездесу. Айырылысу. Өлу... Тал бесіктен жер бесікке дейінгі қысқа ғұмыр… Өмірдің мәні – адамзат үшін игі амалдар жасау деп білсек, кез-келген адам үшін өзіңнің де, өзгенің де бақыты үшін аяғына дейін күресіп, өз жолынан адаспау басты мақсат болып табылмақ.

 

«Нәзи» — шын бақыттың мәнін кеш түсініп, таңдау жасау алдында тұрған адамдардың шарасыз күйін көрсететін спектакль. Басты кейіпкер өзінің бақытсыз екенін түсінген сәтте кетіп қала алады ма, әлде өміріне өзгеріс енгізуден бас тартады ма? Таразы басында екі қорқыныш — жалғыздық пен өмір бойы көлеңкеде өмір сүру. Қалай болған күнде де ол біреуге ерте, біреуге кеш келетін бақыт үшін күреседі, себебі ендігі мақсат – өмірден адаспай өз орнын табу.

Режиссер — Сайлау Камиев ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері»

Қоюшы суретші – Қайсан Қадырбеков

Костюм үлгісінің суретшісі – Еркебұлан Сванов

Музыкамен көркемдеуші – Айдын Мухамеджанов

Режиссердің көмекшісі – Зикамал Оралбекова

Наверх