Восточно-Казахстанский областной драматический театр (г. Усть-Каменогорск)
просмотреть на
интерактивной карте
Сүйіңдерші адамдар…
, , , ,
31 января 2016 17:00
Описание
Поэзия сиқырлы үн мен сырға тұнып тұрған, өмір сырын ұғындыратын адам жанын тазалайтын, сөз құдіретін сөндірмей, адамзатты ой мен сезім әлеміне еріксіз жетелейтін ерекше әлем. Қойылымда театрдың жас актерлары поэзия арқылы ойды әсерлі, образдық түрде нақты жеткізе отырып, өзіміз өмір сүріп жатқан замандағы адамзаттың жан сырын ашып, келбетін бейнелеп, қазіргі заман проблемаларын қозғады. Сонымен бірге қойылым барысында қазақтың ұлы ақыны Абайдың және белгілі ақындар М. Шахановтың, Ф. Оңғарсынованың, Ұ. Есдәулетовтың, Р. Есдәулеттің, А. Елгезектің, Қ. Еженбековтың, М. Райымбекұлының поэзияларынан үзінділер оқылып, Қ. Махановтың «Риясыз махаббат», Л. Жолдасовтың «Сәби бақыты», Д. Ұябайдың «Сағыныш сен бе», А. Қоразбаевтың «Сен болмасаң», М. Шахановтың «Махаббат майданы», «Балдәурен», Н. Тілендиевтің «Ауылды сағындым ғой» әндері шырқалды. Қойылымның көрерменге ой салар тұсы, мынау тынымсыз тіршіліктен бір уақыт сілкініс жасап, өмірдің әрбір сәтін бағалай отырып, айналамызға сүйіспеншілікпен қарау. Әр актер өзінің әсерлі ойынымен көрермен көңілін толғандырып, айтар ойын көрермен жүрегіне жеткізе білді. Оны олардың көрсеткен ыстық ықыласымен, қошеметінен байқауға болады. Гауһар тасты қашаған сайын жарқырай түсетіндей, актерларымыз да күннен-күнге шығармашылықтарын шыңдай түсуде. Әрине, бұл бізді қуантады.
Фотогалерея
Наверх